18 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңадан құрылған «Аркадаг» клубына құраманың 17 ойыншысы алынды

4 Маусым 2023 09:14
- Жаңалықтар, Сайыс
Жаңадан құрылған «Аркадаг» клубына құраманың 17 ойыншысы алынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АШХАБАД. 4 маусым. Түрікменстанда жаңадан құрылып, бірден йокары лигадан орын алған «Аркадаг» футбол командасы қатарын ел құрамасының ойыншыларымен толтырды. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Фергана» ақпарат басылымының жазуынша, жаңа пайда болған «Аркадаг» клубында Орталық Азия чемпионатына қатысу үшін Түрікменстан құрамасына шақырылған 25 футболшының 17-сі, яғни 68 пайызы ойнайды.

Команда басшылары тек құраманың қазір Гонконгтың «Китчи» командасында ойнап жүрген лидері Руслан Мингазовты ғана шақырмапты. Команданың бас жаттықтырушысы Мерген Оразов осы кезге дейін «өте көп жұмыс атқарған» футболшыға тынығуға мүмкіндік бергенін айтқан.

Еске сала кетейік, 2019-2020 жылдары бұл форвард Павлодардың «Ертіс» командасы сапында 13 рет алаңға шығып, 2 гол соққан.

Ал «Аркадаг» қазір йокары (жоғары) лига чемпионатында ешкімге дес берер емес. Ол биыл көктемде басталған жаңа біріншілікте 8 тур ойналғаннан кейін 8 ұтыспен жеке-дара топ бастап келеді. Команда 31 гол соғып, 7 доп жіберіп алған, 24 ұпайы бар. Бұдан бөлек, тағы 2 жолдастық кездесуді жеңіспен аяқтаған.

Команда қазір салынып жатқан, бірақ әлі толық тұрғызылып бітпеген Аркадаг қаласының намысын қорғайды. Шаһар Ахал велаятының аумағына орналасқан. Ол бұрынғы президент, қазір Түрікменстан Халк маслахатының (парламентінің) райысы, осы кездегі президент Сердар Бердымухамедовтің әкесі Гурбангулы Бердымухамедовтің құрметіне бой көтеріп жатыр.

«Аркадаг» – Гурбангулы Бердымухамедовке заң жүзінде берілген ресми атақ. Ол «желеуші», «жебеуші», «сүйеуші» деген мағынаны береді. Былайынша айтқанда, «арқада тұрған тау», «арқа тіреуші тау» деген тіркестен шыққан. Түрікмен жұрты ол тұрғанда өздерін «арқаларын тамға тірегендей» болып арқаланып, рухтанып, жігерленіп, шиыршық атып жүретін болса керек.

 

Таңбалар: АркадагТүрікменстанфутбол

Ұқсас мақалалар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

08.10.2026
Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды
Дәулет

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды

12.09.2026
Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist