Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Ертаевпен бірге Сағынтаевтың күйеу баласы да сотталды

АЛМАТЫ. 17 қараша. Өте көп мөлшерде ақша жеген бұрынғы банкир Жомарт Ертаевпен бірге осы іске қатысы бар екенін дәлелденген Бақыт Ибрагим де сотталды. Бұл туралы «Мәлім.kz» хабарлады.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий Bank RBK-дан 146 млрд теңге ұрлау ісіне қатысты сот үкімін түсіндірді. Қылмыс ұйымдастырған Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Жалпы, бұл іс бойынша 37 адамның ісі қаралды. Сот онлайн өткендіктен, кімдер қанша жылға сотталғаны дұрыс естілмеген.

«Істі тергеу кезінде Жомарт Ертаев төраға кеңесшісі кезінде ақша жымқыруды ойластырып, ұйымдастырғаны белгілі болды. Ол қайтарылмайтын несие беру арқылы ақша ұрлау жолын айтқан. Төраға сол арқылы жұмыс істеген», – деді Роман Селицкий.

Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, дүние-мүлкі тәркіленіп, банк, қаржы саасына 10 жылға дейін араласа алмайтын болды.

Айта кетейік, Бақыт Ибрагим Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы. Бақыт Ибрагимның әйелі Сағынтаевтың үлкен қызы Меруерт Әбдір болған. Buro247.kz сайтының негізін қалаушы. Екі баланың анасы. Осы іс басталғанға дейін Меруерт Ибрагим болып келген Сағынтаевтың қызы кейін тегін Әбдір деп ауыстырған.

«Ибрагим – Ертаевтың танысы. Ол қайтарымсыз несиелер рәсімделетін компаниялар мен адамдарды тапқан», – дейді Роман Селицкий.

Bank RBK басқармасының экс-басшысы Игорь Мажинов және Марпу Жақыбаева да 8 жыл түрмеде отыратын болды. Олар да он жыл бойы қаржы, банк саласына араласпайды, дүние-мүліктері тәркіленді.

Осыған дейін Мажинов үй қамақта, Жақыбаева келісіммен бостандықта болған. Сот екеуін де дереу қамауға бұйрық берді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ұқсас мақалалар

Back to top button