18 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түрікменстан Ресейдің газын Қытайға құбырмен айдаудан бас тартты

13 Тамыз 2023 18:23
- Дәулет, Жаңалықтар
Түрікменстан Ресейдің газын Қытайға құбырмен айдаудан бас тартты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АШХАБАД. 13 тамыз. Түрікменстан өз жеріне жеткізілетін Ресей газын құбырмен Қытайға қарай айдауға келісім бермей отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Кремльдің Қытайға мүмкіндігінше көбірек газ айдау үшін Орта Азияда «газ одағын» құру жөніндегі жоспарына ҚХР-ға тұрбамен ірі көлемде газ жіберуші мемлекет – Түрікменстан тарапынан қарсылық білдірілді», – делінген хабарламада.

«Түрікменстан өзі ҚХР-ға газ жіберіп отырған құбырға Ресейді қосуға ниетті болып отырған жоқ», – деп мәлімдеді Түрікменстан сыртқы істер министрлігі.

Мәскеудің Қазақстан мен Өзбекстанды қатарына қосып, «газ одағын» кеңейту турасындағы әрекеттері Түрікменстан мүддесіне тікелей залал келтіретін болып, бірқатар мәселелерді тудырып жіберді.

Қазір Түрікменстан, Қазақстан және Өзбекстан бірлесіп Қытайды газбен қамтамасыз етіп келеді. Осы мақсатта олар Түрікменстан мемлекеттік «Түрікменгаз» және Қытайдың CNPC компаниялары бірігіп салған газ құбырын пайдаланып отыр. Онымен жылына жіберілетін 55 млрд текше метр газдың 40 текше метрі түрікмен дәулетінің еншісін құраса, Өзбекстан мен Қазақстанның үлесіне тиеді.

Ал Ресейдің жоспарына Қазақстан мен Өзбекстаннан көп мөлшерде Қытайға газ жіберу кіріп отыр. Орыс «Газпромы» үшін Қытай рыногы қазір өте-мөте керек. Өткен жылы ресейлік компания шетелге КСРО-дан бергі уақыттағы ең төменгі мөлшерде газ жіберді. Сөйтіп, бар болғаны 50 млрд текше метр (Оданқ кезінде – 100 текше метр) көлемінде ғана жөнелтті. Биыл бұдан да түсіп кеткелі жатыр.

Еуропа елдері 2022 жылдың екінші жартысында газдан ажыратылғаннан кейін «Газпром» 1,3 трлн рубль шығынға ұшырады, сосын бюджет алдындағы салығымен есептесу үшін есепшотындағы запас қаржысының тең жартысын – 1 трлн рублін жұмсауға мәжбүр болды. Қытай биыл Ресейден 22 млрд текше метр ғана газ алмақшы. Бұл – РФ-ның соғысқа дейін Еуропа одағына жөнелтіп тұрған газының ауқымынан 7 есе аз.

Өткен жылы Ресейдің Қытаймен арада «Сібір күші-2» газ құбырын тарту жөніндегі ұсынысы әріптесі тарапынан қолдау таппады.

Таңбалар: газгаз одағыРесейТүрікменстан

Ұқсас мақалалар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

08.10.2026
Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist