Жаңалықтар жаңғырығыРуханият
Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің соңғы хатын жариялады
АЛМАТЫ. 12 қараша. Халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова күйеуі, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің өзіне жазып қалдырған соңғы хатын жариялады. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Желіде жарияланған сол хаттан Заманбек Қалабайұлының өзіне тықыр таянғанын сезгені анық байқалады. Мұны Facebook пайдаланушылар да атап көрсетіп жатыр.
Белгілі саясаткер 2005 жылғы 12 қарашада, яғни бұдан тура 15 жыл алдын кісі қолынан ажал құшты. Бірақ қылмыскерлер табылған жоқ. Марқұмның жасы сол кезде 61-де еді.
Осы қайғылы күнге орай белгілі әнші бүгін жан жарының өзіне 2005 жылғы 26 тамыз күні жазған соңғы хатын желіге шығарды.