«Бітті! Джо Байден – АҚШ президенті!»
ВАШИНГТОН. 7 қараша. Демократ Джо Байден соңғы Пенсильвания штатында жеңіске жетіп, АҚШ-тың жаңа президенті атанды. Бұл туралы «Лента.ру» хабарлады.
«Бітті! Байден Пенсильванияны алды, бұл демек – ол қажетті 270 дауысты алды деген сөз. АҚШ-тың жаңа президенті – Джо Байден»,– деп хабар таратты дереу Байденнің серіктесі әрі вице-президент болуға үміткер Камала Харрис ханым.
Ханым сол бойда Байденге телефон шалып: «Джо, сен – президентсің! Құттықтаймын!», – деді.
Енді оның өзі де вице-президент болады.
Осылайша шекті 270 дауысқа жеткен Джо Байден президент болып сайланды. Ал іс басындағы президент Дональд Трамп небәрі 214 дауыспен қалып қойды.
Джоны осы бойда Хилари Клинтон да құттықтады. Ол Байденнің келуімен Америка тарихында жаңа парақ ашылатынын білдірді.