Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Трамп: Байден жеңісті ерте тойлап жатыр

ВАШИНГТОН. 8 қараша. АҚШ-тың іс басындағы президенті Дональд Трамп өзінің бәсекелесі Джо Байденді жеңісті ерте тойлап жатыр деп жазғырды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Сайлау әлі аяқталған жоқ, ал демократ Джозеф Байден өзін жеңімпаз деп жариялауға асығып жатыр», – деп мәлімдеді Трамп.

«Неліктен Джо Байден өзін жеңімпаз ретінде көрсетуге асығып жатқаны бізге белгілі,  онымен ынтымақтаағы БАҚ-тардың неге оған барын салып көмектесіп жатқанын да білеміз, олар шындықтың ашылып қалғанын қаламайды», – деді ол.

Трамптың айтуынша, Байден бірде-бір штатта ресми түрде жеңімпаз болып жарияланбаған. «Байденнің штабы тек қолдан жасалған, жалған, дауыс беруге құқығы жоқ немесе қайтыс болған сайлаушылардың бюллетеньдерін пайдаланып отыр», – деп келтіреді ТАСС Трамптың сөзін.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button