Молдова президент сайлауында оппозиция өкілі алға шықты
КИШИНЁВ. 2 қараша. Молдовада кеше болып өткен президент сайлауында оппозция өкілі Майя Санду бірінші турда алға шықты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Еуропашыл оппозициялық Іс әрекет пен ынтымақтастық партиясының лидері бірінші турда хаттамалар 100 пайыз өңделіп шыққаннан кейін 36,16 пайыз дауыспен алға шықты, ал іс басындағы мемлекет басшысы 32,61 пайыз дауыспен екінші орын алып отыр», – делінген хабарламада.
Осылайша Іс әрекет пен ынтымақтастық партиясының лидері Майя Санду мен іс басындағы мемлекет басшысы Игорь Додон екінші турға жолдама алды.
Екінші тур 15 қазан күні өтеді.
Санаққа сәйкес, үшінші орынға 16,9 пайыз дауыс алған «Біздің партия» партиясының лидері, елдегі екінші ірі елді мекен – Бельцы қаласының мэрі Ренато Усатый орналасқан. Бұдан әрі «Шор» партиясынан Виолетта Иванов (6,49%), «Платформа» партиясының төрағасы Андрей Нэстасе (3,26%), Ұлттық бірлік партиясының кандидаты Октавиан Цыку (3,26%), Либерал-демократиялық партиясының үміткері Тудор Делиу (1,37%) және Либерал партиясының басшысы Дорин Киртоакэ (1,2%) тұр.