ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Тбилисиде сайлау нәтижесіне келіспеушілер шеруге шықты

ТБИЛИСИ. 1 қараша. Грузия байтағы – Тбилисиде де парламент сайлауының қорытындысына келіспеген оппозиция жақтастары шеруге шықты. Бұл туралы «Настоящее время» хабарлады.

Митингіден трансляцияны «Күшіміз – бірлікте» атты оппозициялық бірлестіктің жетекші партиясы – «Біртұтас ұлттық қозғалыс» жүргізіп жатыр. Партия лидерлерінің бірі, қазіргі ел президенті Саломе Зурабишвили митингіде сөз сөйлеп, билеуші партия – «Грузин арманы» тарапынан сайлаушыларды сатып алу фактілерінің болғанын мәлімдеді.

Мұның алдында «Грузин арманының» жақтастары осындай митингі өткізген еді. Оның лидері Бидзина Иванишвили сайлау учаскелері жабылған соң көп ұзамай өзінің жеңіске жеткені туралы хабарлаған.

Ал сайлау қорытындысы бойынша 48,5 пайыз дауыс алған «Грузин арманы» шынында жеңіске жетті. Осы арқылы ол үкіметті өзі жасақтай алатын болды. «Күшіміз – бірлікте» оппозициялық бірлестігі 27,07 пайыз ғана дауыс жинады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button