Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Англияның актёрі Шон Коннери өмірден өтті (видео)

ЛОНДОН. 31 қазан. Британиялық атақты актёр Шон Коннери жасы 91-ге қараған шағында бақилыққа аттанды. Бұл туралы Independent газеті хабарлады.

«Джеймс Бондты ойнаған аты аңызға айналған актёрі Шон Коннери 90 жасында қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Коннери Багам аралдарында ұйықтап жатқан кезінде жүріп кеткен. Актёр дүниеден озары алдында біршама уақыт ауырған, деп жазады басылым. Бірақ неден қайтыс болғаны айтылмайды.

Коннеридің даңқы Джеймс Бонд туралы сериалдарға түскеннен кейін айрықша тарады.

Шон Коннери 1930 жылы 25 тамызда шотландтың Эдинбург қаласында жұмысшы Джозеф Коннери мен үй сыпырушы Эфемия Маклиннің отбасында туған. Ұлты – шотланд.

Шон 13 жасында мектепті тастап кетеді. Көп ұзамай флотқа қызмет етуге барады. Актерлік қызметінің алдында ол жүк машинасының айдаушысы, құтқарушы және жиһаз бояушы болып істейді, бос уақытында бодибилдингпен шұғылданады.

Шон 1951 жылы әуелі Эдинбург король театрына жұмысшы болып орналасады. Кейін өзі де сахнадан бір-ақ шығады. Ал киноға алғаш рет 1953 жылы бодибилдингтен үшінші орын алғаннан кейін шақырылады.

Ол өзінің өмір жолында 70-тен астам фильмге түсті. Бірақ оған өшпес даңқ әкелген Ян Флемингтің романдары бойынша түсірілген сериалдағы М16 Джеймс Бонд атты агенттің рөлі болды. Жалпы саны Коннери бондиананың алды бөліміне түсті. Оның танымал фильмдері қатарында «Индиана Джонс және соңғы крест жорығы» және «Жартас» ленталары да бар.

Коннери – «Оскар» сыйлығының екі дүркін лауреаты, екі мәрте BAFTA сыйлығының иегері, сондай-ақ «Алтын глобусты» үш сапар жеңіп алған.

Шон Коннери елдің қоғамдық өміріне де белсене араласты. Ол шотландтар ұлттық партиясының мүшесі ретінде Шотландияның Англиядан бөлініп шығуын жақтаушылардың алдыңғы сапында болды. Соңғы жылдары өмірінің көбін Багам аралдарында өткізді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button