Алматыда саяси реформалар талап еткен митинг өтті
АЛМАТЫ. 31 қазан. Алматыдағы Ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаңда саяси реформалар талап етілген митинг болды. Бұл туралы «ҚазТАГ» хабарлады.
Митинг рұқсат етілген тәртіпте өтті.
Жиын саяси себептермен қамауға алынған белсенділердің тізімін оқудан басталды.
Шығып сөйлеушілер биліктен саяси тұтқындарды босатуды, парламентте жас депутаттар үлесін көбейтуді, митингілер мен олардағы адамдарды ұстау сәттерін мемлекеттік БАҚ-тарда көрсетуді талап етті.
Митингіні ұйымдастырушылар бюджет баптарына жергілікті өзін өзі басқаруды енгізуді, азаматтардың әкімдерді, судьяларды, учаскелік инспекторлар мен полиция басшыларын сайлауын, мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын бұрынғы мажиторлық жүйеге қайта әкелуді, партияларды әділет министрлігінде тіркеу кезінде рұқсат ету сипатын хабардар ету сипатына көшіруді, партия құрамында кемінде 20 мың мүше болуы керектігін 5 мыңға дейін түсіруді талап етті. Сол сияқты барлық шенеуніктердің, судьялардың, күштік құрылымдар өкілдерінің табыстары жөнінде жыл сайын декларация тапсырып тұруын міндеттеуді де алға тартты.
Митингіге 150-ге жуық адам жиналды.