Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Экс-министр Елжан Біртанов талан-тараж фактісімен қамалды

АСТАНА. 31 қазан. Қазақстанның осының алдындағы Денсаулық сақтау министрі талан-тараж фактісі бойынша қамауға алынды. Бұл туралы «ҚазТАГ» хабарлады.

«Біртанов ұсталды, қазір ол Астананың уақытша ұстау оқшаулағышында отыр», – деген ақпар жеткізген агенттік мәнбесі сенбі күні.

Алдын ала болжам бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы цифрландыруға бөлінген 526 миллионға жуық теңгені талан-таражға салды деген күдікке ілінген.

Еске сала кетейік, биылғы 25 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елжан Біртановты Денсаулық сақтау министрінің лауазымынан босатып, оның орнына Алексей Цойды министр етіп тағайындаған болатын. Біртановтың отставкаға жіберілуіне денсаулық сақтау саласында коронавирус пандемиясымен күрес кезінде тұрғындар арасында кісі өлімінің жиі орын алуына ұласқан көптеген жанжалды оқиғалар себеп болған еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button