Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Қарағандыда жастардың жаппай төбелесі орын алды

ҚАРАҒАНДЫ. 27 қазан. Қарағандыдағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде көп құрамды жастар қатысқан төбелес болды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Төбелес кезінде оған қатысушылардың пышақ қолданғандары айғақталды. Соның салдарынан үш адам жарақат алып қалды.

Дәрігерлердің айтуларынша, бір адамның іші мен бауырына пышақ ұрылған. Ол орташа ауырлық сипаты бойынша ауруханада жатыр. Ал қалған екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

Төбелесті уақытылы келген полициейлер тоқтатқан. Тәртіп сақшыларының айтуларынша, пабта автомобилистер күнін тойлаған. Кеш бойына оның екі бұрышында екі түрлі топтың адамдары отырған. Олар бір-бірлерімен араласпаған. Араларындағы жанжал олар сыртқа шыққаннан кейін басталған.

Қарағандылықтардың өзара нені бөлісе алмағандары белгісіз. Оның барлық жай-жапсарын тергеушілер анықтап жатыр.

Болған оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша суық қару қолданылған тәртіппен қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция қызметкерлері инцидентке қатысушыларды сол бойда түгел ұстап, полиция бөліміне алып келді. Үш адам жарақатына байланысты медициналық мекемеге жіберілді. Жағдай анықталуда», – деді Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button