27 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Ардагерлер дауысы» атты қоғамдық бірлестік құрылды

27 Қазан 2020 19:12
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада «Ардагерлер дауысы» атты қоғамдық бірлестік құрылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 қазан. Бүгін Қызылордада «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігін құруға арналған құрылтай жиналысы болды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Осыған арналған құрылтайшылардың жалпы жиналысы «Номад Палас» ресторанының конференц-залында өтті.

 

Жиынды бастамашылар тобының мүшесі Жарылқасын Шәріпов ашып, құрылғалы тұрған қоғамдық бірлестіктің мақсаты мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Бірлестіктің мақсаты азаматтық қоғамның аймақта орын алып жатқан, күн тәртібінде тұрған алуан түрлі өзекті оқиғалар мен бұрыннан қордаланып, қалыптасып қалған төзбестік жағдайлар туралы көзқарастары мен пікірлерін тиісті орындар мен көпшілікке жеткізіп тұру болып табылады. Бұлардың ішінде аймақ тұрғындарын күнделікті алаңдатып, толғандырып жүрген жағдаяттардан бастап, өңірдің бүгіні мен болашағы үшін орны мен маңызы айрықша зор кең ауқымды мәселелер бар.

«Бізді мұндай шешімге келуге уақыттың өзі жетелеп алып келді. Біз – осы облыстың байырғы тұрғындарымыз, өміріміз жеткенінше осында тұра береміз, ешқайда кетіп қалайын деп жатқан жоқпыз, біздің ұрпақтарымыздың да дені осында, сондықтан бұл өңірдің ертеңі алаңдатпай қоймайды. Ал тап олай алаңдайтын жағдайлар қазір жетіп-артылады. Бүгін осында бас қосып отырған құрылтайшылардың бәрі де кезінде облыс аумағында халық шаруашылығының алуан түрлі салаларында жұмыс атқарған, жергілікті жердің өткені мен ерекшеліктерін ешкімнен кем білмейтін белгілі адамдар. Сол себепті де біз айналамызда болып жатқан кейбір кереғар көріністерге көз жұмып, қарап отыра алмаймыз. Бір топ ардагерлер қауымы аталмыш бірлестіктің туы астында сол дауыстарымызды ұдайы жеткізіп отыру үшін бас қосып отырмыз», – деді Жарылқасын Шәріпов.

Құрылтай жиналысына қатысушылар құрылғалы отырған қоғамдық бірлестіктің жұмысы, мақсаты мен міндеттері жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті. Олардың барлығы да мұндай бірлестіктің керек екенін бір ауыздан қолдады.

Жиында кез келген өркениетті қоғамда қоғамдық бірлестіктердің көп болатыны, олардың қай ел мен аймақта да қоғамдық ойдың қозғаушы күші болып саналатыны айтылды. Сол сияқты жаңадан құрылып жатқан бірлестікті облыстық не қалалық ардагерлер кеңестерінің іс-әрекеттерін қайталайтын баламалы ұйым ретінде қарастыруға болмайды. Олар тікелей ардагерлермен жұмыс жасасатын болса, бұл бірлестіктің мүлде ондай миссиясы жоқ.

 

Құрылтай жиналысында «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігінің жарғысы қабылданды.

Құрылтайшылар бірлестіктің төрағасы етіп Жарылқасын Шәріповті, төрағаның орынбасары етіп Ибрагим Әбибуллаевты, атқарушы директоры етіп Ерұлан Өмірсеріковті сайлады. Сол сияқты тексеру комиссиясының төрағасы болып Қалхазбек Әжібеков сайланды.

 

Таңбалар: Ардагерлер дауысыбірлестік

Ұқсас мақалалар

«Сен салар да, мен салар, атқа жемді кім салар?»
Жаңалықтар

«Сен салар да, мен салар, атқа жемді кім салар?»

27.08.2021
«Ардагерлер дауысы» аймақ мәселелерін шешуде
Аймақ

«Ардагерлер дауысы» аймақ мәселелерін шешуде

25.08.2021
«Көгілдір отынның» бағасы көңілден шықпайды
Дәулет

«Көгілдір отынның» бағасы көңілден шықпайды

30.06.2021
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist