АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Қызылордада шыны және химиялық кластерлер ашылады
ҚЫЗЫЛОРДА. 27 қазан. Қызылордада шыны зауытының іске қосылуымен шыны кластерін құру жоспарланып отыр. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Облыстық ішкі саясат департаментінің хабарлауынша, қазір зауыт айналасында 8 ілеспе өндіріс құру мүмкіндігі пысықталуда. Жобалардың жалпы құны шамамен 27 млрд теңге болмақшы. Онда 336 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.
Бүгінгі таңда инвесторлар шыны талшық, айна, шыны ыдыс және ыдыс өндірісін ашу жөнінде жалпы құны 16 млрд теңге болатын 3 жобаны іске асыру бойынша жұмыс бастады.
Химиялық кластер кальцийленген сода өндіретін зауыттың айналасында құрылғалы тұр. Онда ас содасын, жуу құралдарын, еріткіштерді, химикаттарды және басқа да өнімдерді шығару жөніндегі өндірістері құрылатын болады.