Армения өзі сұрап алған жаңа бітімді тағы өзі бұзды
БАКЫ. 18 қазан. Армения гуманитарлық мақсатта өзі сұрап алған атысты тоқтату жөніндегі режимді басталмай жатып тағы өзі бұзды. Бұл туралы «Кавказский вестник» хабарлады.
Әзербайжан қорғаныс министрлігі бүгін хабарлағандай, Армения биілігінің сұрап алған жаңа гуманитарлық режимін армян әскерлері жаңа басталған кезінде-ақ, яғни жексенбіге қараған түні бұзып жіберген.
Анықталғандай, Армения қарулы күштері өздері басып алған территоиялардан түні бойы енді азат етілген Жәбірәйіл қаласы мен Аракс өзіне бойындағы көрші ауылдарды миномет пен артиллериядан атқылаған. Содан кейін агрессордың отты нүктелеріне азат етілген биіктер мен позициялардан жауап зарптар берілген.
Ал бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:00 шамасында армян армиясы Агдер, Физули, Гадрут және Жәбірәйіл бағыттарында шабуыл жасауға әрекет еткен, бірақ тойтарыс алып, кері шегінген.
Түнгі сағат 00:05-тің өзінде Әзербайжанның Кедабек және Товуз аудандарында Арменияның Гегаркуни және Тавуш облыстары позициясынан оқ жаудыру басталып кеткен.