Эмомали Рахмон бесінші рет Тәжікстан президенті болды
ДУШАНБЕ. 12 қазан. Тәжікстан орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, елдің іс басындағы пезиденті Эмомали Рахмон президент сайлауында қатарынан бесінші рет жеңіске жетті. Бұл туралы ASIA-Pius хабарлады.
«Рахмон сайлауда дауыс берушілердің 90,92 пайызының қолдауына ие болды», – деп мәлімдеді Орталық сайлау және референдум жөніндегі комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода.
Комиссия ақырғы қорытынды мәліметті сайлаудан кейінгі 10 күннің ішінде жариялайды.
Осылайша, 1992 жылдан бері елді басқарып келе жатқан президент бесінші рет қайта сайланды.
Сайлауда Рахмоннан бөлек тағы 4 кандидат дауысқа түсті. Соның ішінде Компартия лидері Аграрлық партиядан Рустам Латифзода – 3,03, Экономикалық реформалар партиясынан Рустам Рахматзода – 2,15 пайыз, Социалистік партиядан Абдухалим Гаффорзода – 1,49 және Миродж Абдуллоев 1,17 пайыз дауыс алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, сайлауға 4,2 млн адам қатысқан. Сайлауға келу көрсеткіші 85,3 пайыз болған.
Тәжікстанда президент сонымен бірге үкімет басшысы да болып есептеледі.