Мұғалім әйел 4 жастағы ұлын асып өлтіріпті
МӘСКЕУ. 12 қазан. Мәскеу түбіндегі елді мекендердің бірінде тұратын әйел өзінің 4 жасар ұлын асып өлтірді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Кішкентай баласын өлтірді деген күдікке таңылған әйелдің тағы үш баласы бар екен, өзі мектепте мұғалім болып істейтін болып шықты», – деді құқық қорғау органдарындағы мәнбе агенттік тілшісіне.
«Әйел тағы үш бала тәрбиелеп өсіріп отыр, мектепте мұғалім болып істейді, енді оны психиатр тексеріп көріп жатыр», – деді ол сосын.
Мәскеу облысы Бас тергеу басқармасының өкілі Ольга Врадий күдіктінің психологиялық-психиартиялық сараптамадан өткізілетінін айтты.
Еске сала кетейік, төрт жасар ұлдың өлі денесін жұмыстан келген әкесі тауып алыпты. Тергеушілер күдікті ретінде баланың 43 жастағы анасын ұстады. Ол ұлын неге өлтіргенін түсіндіріп айтып бере алмаған.