Тәжікстан президенті терактіден кейін ел репутациясын көтеруге күш салды
ДУШАНБЕ. 25 наурыз. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Мәскеудегі терактіге Вахш елінің тікелей қатысы болғанына көзі жеткесін жағдайды түзету жөнінде әңгіме айтты. Бұл туралы «РИА Новости» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оның айтуынша, Тәжікстан өскелең ұрпақтың тәрбиесіне көбірек көңіл бөліп, оларды деструктивті қозғалыстардың ықпалынан сақтап қалуы, сөйтіп, тәжік ұлтының атын бүлдіруге жол бермеуі тиіс.
«Президент Эмомали Рахмон «Крокус Сити Холл» концерт залындағы терактіден кейін өз елінің репутациясы үшін алаңдай бастады», – деп жазды «РИА Новости»
«Мәскеуге жақын жерде орын алған ұят та сұмдық оқиға біздің әрбірімізді, әсіресе, ата-аналарды тағы да өскелең ұрпақтың тәрбиесіне бұрынғыдан бетер айрықша көңілге бөлу керектігін меңзейді», – деді Рахмон.
Президент елдің азаматтары жасөспірімдер мен жастарды «деструктивті және қорқынышты топтардың» ықпалынан сақтауы тиіс екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, балалардың «тәжік ұлтының, егемен мемлекет тәжіктерінің және өз ата-анадарының жақсы аттарына дақ келтірулеріне» жол беруге болмайды.
Теракт 22 наурыз, жұма күні «Крокус Сити Холл» концерт залында «Пикник» рок тобының концерті алдында орын алды. Сол күні кешке үстеріне камуфляж киіп, иықтарына автомат асынып алған бірнеше адам залға басып кіріп, онда отырған адамдарға қарай оқ жаудырды. Нәтижесінде 182 адам зардап шекті, олардың 153-ін аман алып қалудың орайы келмеді.