Дағыстанды басқарған қазақ азаматы отставкаға жіберілді
МАХАЧҚАЛА. 5 қазан. Бүгін Ресей Федерациясының Дағыстан республикасын басқарған Владимир Васильев отставкаға кетті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путин Дағыстанның басшысы міндетін уақытша атқарушы етіп сенатор Сергей Меликовті тағайындады.
Владимир Васильев Ресей президентінің кеңесшісі болып бекітіліп, Мәскеуге қайта оралды.
Ол Тау республикасын 2017 жылғы 3 қазанда басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған кезден бері басқарып келді. 2018 жылғы 9 қыркүйекте Дағыстан халық жиыны оны республика басшысы етіп сайлады.
«Сіз, әсіресе, осы бір күрделі кезеңде, республиканың дамуы үшін көп нәрсе жасадыңыз. Көп нәрсені өз мойныңызға алудан қорықпадыңыз, борышыңызды лайықты атқардыңыз», – деді Путин Меликовпен және Васильевпен онлайн-кездесу кезінде.
БАҚ-тар Васильевтің мерзімінен бұрын уәкілеттігін қойғысы келіп жүргені туралы қыркүйек айында жаза бастап еді. Бұған себеп ретінде ол жасының ұлғайғаны (тамыз айында ол 71-ге толды) мен «денсаулық жағдайында белгілі бір проблемалар бар екенін» атап көрсеттті.
Владимир Әбдуәліұлы Васильев 1949 жылы 11 тамызда Мәскеу түбіндегі Клин қаласында туған. Туған кездегі аты-жөні Алик Әбдуәліұлы Асанбаев екен. Оның әкесі – қазақ, анасы – орыс. Кейін қазақша тегімен Ресей жерінде қызмет сатысымен өсе алмайтын болған соң, анасының фамилиясын алған. Аликтің өзінен үлкен Юрий және Станислав деген деген екі ағасы болған.