Әлиев Таулы Қарабақта 8 селоның азат етілгенін мәлімдеді
БАКЫ. 5 қазан. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өз армиясының Таулы Қарабақпен шектесетін жердегі сегіз елді мекенді басып алғанын мәлімдеді. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Әзербайжан лидерінің мәлмедемесіне Ереван мен Степанакерт қарсы жауап қайтара алмады.
«Бүгін Әзербайжан армиясы Тертер ауданындағы Талыш кендін, Жәбірайл ауданындағы Мехдили, Чахырлы, Ашагы Маральян, Шейбей және Гуйджак кендтерін және Физули ауданындағы Ашагы Абдуррахманлы кендтерін жаудан босатты», – деп жазды ол твиттерде.
Әлиев сондай-ақ әскери қызметкерлердің Мадагизде Әзербайжан туын көтергенін баяндады. Президент кендке оның Суговушан деген әзербайжан тіліндегі бұрынғы атын қайтарғанын жазды.
Бірақ бұған қатысты ресми жарлық әлі жарияланған жоқ.
Ал бүгін Әзербайжан президенті Жәбірайіл қаласы мен тағы бір селоның азат етілгенін хабарлады.