АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Жалағаш жеріндегі күн электр станциясы толық іске қосылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қазан. Қызылорда облысында күн электр станциясы толық өндірістік қуатында жұмыс істеуге көшті. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz хабарлады.

Биылғы жылдың басында пайдалануға берілген станция сағатына 28 мегаВатт энергия өндіріп, республикалық желіге жіберіп келеді.

Нысан Жалағаш ауданында 60 гектар аумаққа орналастырылған. Онда 84 мың айналмалы панель электр қуатын өндіреді. Жылдың 4 мезгілінде үздіксіз жоғары шекке дейін электр қуатын өндіретін станцияда 25 адам жұмыс істейді.

Энергетиктердің айтуынша, жоба өз тиімділігін жарты жылда дәлелдеп шыққан. Сондықтан алдағы уақытта күннен қуат алып, жұмыс істейтін станция аумағын ұлғайту жоспарланып отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button