Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ Ресеймен соғысудың тәсілдерін пысықтауға кірісті

ВАШИНГТОН. 29 қыркүйек. АҚШ армиясы Аризона штатындағы Юма полигонында оқу-жаттығу өткізу барысында Ресейге қарсы соғысқа машықтанды. Бұл туралы Defense News хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, Пентагон жауынгерлері мұнда Ресейдің «Панцирь» ракета-пушка кешеніне ұқсас қарулардың соққысына қарсы тұрудың амалдарын жасап бақты. Атап айтқанда, жаттығу кезінде өзінің «болашақ ұрыс жүргізу жоспарларын кең ауқымды ету үшін пилотсыз ұшатын аппараттар, жердегі роботтар мен спутниктер қолданылған.

Ресейдің өздігінен жүретін «Панцирь» зенит-ракеталы пушка кешені стратегиялық нысандарды ұшақтардың, тікұшақтардың, қанатты ракеталардың, жерден басқарылатын авиабомбалар мен пилотсыз қондырғылардың шабуылынан қорғауға арналған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button