Әзербайжан сатқындық кесірінен Қарабақты тез басып ала алмады
БАКЫ. 29 қыркүйек. Әзербайжан өз армиясының жоғары әскери құрамында сатқын болуы салдарынан Таулы Қарабақ территориясын тез басып алуға арналған жоспарын жүзеге асыра алмай қалды. Бұл туралы «ВЧК-ОГРУ» телеграм-арнасы хабарлады.
Республикада Ресей арнайы қызмет органдарына қызмет жасайды деген күдікпен Әзербайжан бас штабының генералы өте жоғары құпиялылық режимімен тұтқынға алынды.
Генерал бас штабта Қарабақ операциясын талдап жасауға қатысқан, сосын ол басталғанға дейін екі апта бұрын бұл туралы Ресей тарапына жан-жақты (шабуылдың нақты маршруттарына дейін) мәліметтер берген. Бұдан әрі РФ федералды қауіпсіздік кеңесі ақпарды армян тарапына жеткізген, соның нәтижесінде дұшпан барлық атыс нүктелерінде шабуылға қарсы толық дайындық сапына тұрып үлгерген. Мәнбенің айтуына қарағанда, Әзербайжан бас штабының генералы өзінің Мәскеуде бизнес жасайтын жиені арқылы Ресейге тыңшылыққа тартылған. Өзара қызметтестік әрекеті тек қана ақшамен есептесу жағдайында жүзеге асырылған.
«Мәнбе Ресей арнайы қызметінің Әзербайжан бас штабының генералын қалай өзіне қызмет етуге көндіргенін жан-жақты айтып берді. Олардың бірінші тыңшылығы Израильдің Әзербайжанға қару-жарақ жеткізе бастағаны туралы, – соның ішінде Түркия арқылы жібергені де бар, – мәлімет берген кезінде орын алған. Байланыс генералдың Мәскеуде тұратын, айтарлықтай үлкен гүл бизнесі бар жиені арқылы жүрген. Генералдың келесі қадамы Қарабақ шабуылының жан-жақты жоспары жайында мағлұмат жеткізуі болды.
Ресейден осы мәліметтерді алғаннан кейін армян тарапы алаңдарға мина төсеп, қару-жарақтарын, техникаларын және тағы басқа керек-жарақтарын шабуыл жасалатын жерлерге қойып үлгерген. Нәтижесінде Қарабаққа шабуыл жасауға арнайы дайындалған элиталы корпус айтарлықтай шығынға ұшырады. Аталмыш генералдың сатқындығы түрік барлау органдары жинаған мәліметтер арқасында анықталып, оны тез ұстаудың орайы келген. Алайда, бұл жымысқы әрекет операцияның өзіне орны толмас залал келтіріп, әскери қызметкерлердің моральдық рухтарын айтарлықтай түсіріп жіберді», – деп жазады телеграм-арна.