ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Лукашенконың жасырын инаугурациясы мемге айналды

МИНСК. 23 қыркүйек. Александр Лукашенконың сәрсенбіде жасырын өткізген инаугурациясы әлеуметтік желіде мем жүзінде келемежге ұшырады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Twitter-ді пайдаланушылар церемонияға адамның аз келгеніне назар аударды. Олардың арасында шетелдік бірде-бір өкіл жоқ.

Бір пайдаланушы Беларусь заңына сәйкес, президенттің ант беру сәті телевидение мен радиодан трансляция жасалуы керек екенін атап өтті. Алайда, мемлекеттік телеарналар инаугурация кезінде «Ресейдің арзанқол телесериалдарын көрсетумен болған». «Саясаттағы жаңалық: конспиративті «инаугурация!» деп жазды ол. «Жетім қыздың тойы».

Сатиралық «Панорама» сайты «егер жағдай солай болса», Лукашенко инаугурацияны бункерде өткізуге де дайын, деп әзілдеді. Сонау 1945 жылдың мамыр айында бункерде Ева Браунмен некесін қидырған Адольф Гитлер сияқты.

Тағы бір мемде инагурацияның өткізілген орны жазушы Джоан Роулингтің Гарри Поттер туралы екінші кітабындағы құпия бөлмемен салыстырылады.

«Құпия инаугурация өткізіп отырған Лукашенконы түсінемін. Мен институттан кейін әскерге шақыру қағаздарына пысқырып қарамай, кәсіби армияға құпия түрде өттім», – деп жазды комик Денис Чужой. Ал Артем Дерягин инаугурацияны мем арқылы отырыс-кешке ұқсатты.

Бір суретте Лукашенконың салтанатқа бара жатқан кортежі асфальттан ақ-қызыл-ақ түсті жалауды көріп қалады. Қазір оппозицияның символы болып отырған бұл ту 1996 жылға дейін мемлекеттің бір нышаны еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button