Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Минскіде бүгін де митинг. Жиналғандарға су шашылып жатыр

МИНСК. 23 қыркүйек. Беларусь астанасында бүгін жұрт қатарынан 46-шы күн бейбіт шеруге шықты. Бұл туралы БелаПАН хабарлады.

Наразылық қозғалысы Александр Лукашенко жұрттан жасырып, инаугурация салтанатын өткізгеннен кейін басталып кетті. Жұрт шеруді «Минск – город-герой» стелласы жанына тартты. Сол жерде артынша оларды аяусыз ұрып-соғып, қамауға алу жүріп жатты.

Мұнда демонстранттар Машеров және Жеңімпаздар даңғылдары бойымен жүріп келді. Күштік құрылымдар стелла жанында оларды қоршап алды. Омон сарбаздары мен әскери техникалар Тәуелсіздік сарайы маңайында да тұр.

Акцияға қатысушылардың үлкен бөлігі «Планета» мейманханасының жанындағы төбешікке жиналды. Оларды да біріндеп ұстау жүріп жатыр. Жұрт «Фашистер!» деп айқайлауда.

Белорус телеграм-арналарының хабарлауынша, күштік құрылымдар бейбіт жұртқа водометтен су атқылаған. Судың түсі өзгеше. Бірқатар көз көргендер оның боялғанын айтады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button