Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Халықаралық қылмыстық сот Беларусь билігін тексеруге кірісті

ГААГА. 14 наурыз. Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) Беларусь билігігің адамшылықққа қарсы қылмыстық әрекеттерін зерттеуді қолға алды. Бұл туралы BBC ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Халықаралық қылмыстық сот белорус билігі жасаған адамшылыққа жат әрекеттерді тексеруді бастады: оның шеңберінде Калинин полкі еріктілерін 12 жылдан 25 жылға дейін соттауға үкім шығару, Екінші дүниежүзілік соғыс туралы видеоролик авторына қарсы «нацизимді ақтады» деген желеумен іс қозғау секілді мәселелер бар.

Әңгіме Беларусь президенті Аляксандр Лукашенканың саяси қарсыластарын депортациялау мен қуғынға түсіруге қатысты қылмыстық істер туралы болып отыр.

Мұндай тергеу жүргізу жөніндегі өтінішті ХҚС-ға мүше ел – Литва берген екен. Мұнда болжамды қылмыстардың бір бөлігі Беларусь территориясында өткені атап көрсетілген.

Халықаралық қылмыстық сот прокуратурасы болжамды қылмыстардың шекарадан тыс сипатқа ие және ішінара Литвада жасалғанын, сондықтан Гаага сотының құзыретіне жататынын анықтады. Тергеу қорытындылары бойынша енді негізгі күдікті болған тұлғаларды қамауға алу үшін ордер берілуі мүмкін.

2020 жылғы тамыздағы президент сайлауынан кейін Беларусь нәтижелерді бұрмалауға қарсы ауқымды наразылықтар етек алды. Ол айдан астам уақытқа созылды. Ал Аляксандр Лукашенка өзін жеңімпаз деп жариялап, науқанға қатысушыларды түрмеге жапты немесе елден кетуге мәжбүр етті. Ондаған мың адам ұсталды, тағы мыңдаған адам сотталды және олар қазіргі уақытта түрмеде отыр. Сол сияқты 500 000-нан 600 000-ға дейін адам Беларусьтен кетуге мәжбүр болды деп есептеледі.

«Беларусь билігі Екінші дүниежүзілік соғыс туралы видеоролигі үшін блогер Екатерина Водоносоваға қарсы іс қозғады», – деп жазды «Вясна» құқық қорғау орталығы. Оған «нацизмді ақтады» деген айып тағылған. Бұл үшін оны бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button