26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Беларусьте Би-би-сидің орыс қызметі экстремистік деп танылды

31 Наурыз 2026 09:54
- Жаңалықтар, Құқық
Беларусьте Би-би-сидің орыс қызметі экстремистік деп танылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИНСК. 31 наурыз. Беларусь мемлекетінде ВВС (Би-би-си) радиосының орыс тіліндегі редакциясы экстремистік ұйымдар тізіміне кіргізілді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Могилев қаласының Ленин аудандық соты BBC орыс қызметінің және Ресей эмигранттары құрған «Новая газета Европа» басылымының веб-сайттарын Беларусьте экстремистік деп танылған материалдар тізіміне қосуды бұйырды. Беларусь елінде DW (Deutsche Welle – «Неміс радиосы») 2022 жылы осы «қара тізімге» енгізілген.

Сот шешімдерді сәйкесінше 24 және 25 наурызда шығарды, ал журналистер бұл мәтбұғаттардың Ақпарат министрлігі веб-сайтында 30 наурыз, дүйсенбіде жарияланған тізілімге қосылғанын атап өтті.

Шешімде тек орыс қызметінің веб-сайты экстремистік деп танылғаны айтылған, бірақ онда көрсетілген www.bbc.com сілтемесі Беларусь билігінің бүкіл BBC веб-сайтын экстремистік деп танығанын білдіруі мүмкін. Соңғы аптада тізімге шамамен 30 интернет-бет қосылды. Олардың барлығы бойынша шешімдер жедел күшіне енді.

Беларусь Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 19.11-бабына сәйкес, экстремистік тізімге енгізілген материалдарды тарату (қайта жариялауды қоса алғанда), жариялау немесе сақтау айыппұл салудан және қоғамдық жұмыстардан бастап, заңды бұзуға жұмсалған қаражатты тәркілеумен әкімшілік қамауға алуға дейінгі әртүрлі жазалармен жазаланады.

Беларусь президенті Александр Лукашенка соңғы жылдары BBC орыс қызметінің журналисі Стив Розенбергпен бірнеше рет сөйлесті. Лукашенконың веб-сайтында британдық журналистпен 2021 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың қазан айында жүргізілген сұхбаттар жарияланды. Розенберг сонымен қатар Лукашенканың 2023 жылдың ақпанында белорус және шетелдік журналистермен әңгімелесуінде, сондай-ақ 2025 жылдың қаңтарындағы президент сайлауы кезінде баспасөзбен әңгімелесуінде де болды.

2024 жылдың сәуірінде Беларусь Ішкі істер министрлігі Deutsche Welle (DW) медиа тобының белорус қызметін экстремистік ұйым деп таныды. 2022 жылдың наурыз айында ел билігі оның мазмұнын экстремистік материалдар тізіміне қосты. Сонымен қатар, 2024 жылдың мамыр айында DW-дің «Заповедник» сатиралық анимациялық шоуы осы тізімге қосылды.

Таңбалар: БеларусьВВСэкстремизм

Ұқсас мақалалар

Тихановская: Мен үшін Украинаның жеңісі тек уақыттың еншісінде тұр
Қоғам

Тихановская: Мен үшін Украинаның жеңісі тек уақыттың еншісінде тұр

27.05.2026
YouTube Беларусьтің үш мемлекеттік БАҚ арналарын жойды
Жаңалықтар

YouTube Беларусьтің үш мемлекеттік БАҚ арналарын жойды

04.04.2026
Халықаралық қылмыстық сот Беларусь билігін тексеруге кірісті
Жаңалықтар

Халықаралық қылмыстық сот Беларусь билігін тексеруге кірісті

14.03.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist