Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Лукашенко инаугурация салтанатын құпия жағдайда өткізді

МИНСК. 23 қыркүйек. Бүгін Минскідегі Тәуелсіздік сарайы – өзінің жұмыс резиденциясында Александр Лукашенко инаугурация салтанатын өткізді. Бұл туралы Naviny.be хабарлады.

«Салтанатқа бірнеше жүз адам шақырылды, – деп хабарлады Лукашенконың баспасөз қызметі. – Олардың қатарында жоғары лауазымды тұлғалар, өкілдік палатасының депутаттары мен Республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен мекемелер, жергілікті атқарушы және өкімді ұйымдар, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері бар».

«Лукашенко қолын Конституцияға қойып, белорус тілінде ант оқып шықты. Сосын ант қабылдағаны жөніндегі актіге қол қойды. Содан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина президенттің куәлігін тапсырды», – делінген баспасөз қызметінің парақшасында.

Инаугурацияның өтетін уақыты алдын ала хабарланған жоқ, телевидениеден трансляция жасалмады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button