Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Екі піл туристердің көз алдында өлгенше шайқасты (видео)

ПРЕТОРИЯ. 23 қыркүйек. ОАР-дағы Крюгер ұлттық паркінде екі пілдің өлгенше шайқасқан сәті камераға түсіріліп қалыпты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Жануарлар бейнелген жазба YouTube-тің Kruger National Park Videos арнасынан көрсетілген.

Видео кадрларында Мавузо деп аталатын кәрі пілге басқа бір пілдің шабуыл жасағаны көрініп тұр. Содан кейін екі ірі хайуан өлмей-беріспейтін шайқасқа кірісіп кетеді. Олар бір-бірлерін ұзын тістерімен сұққылап, тұмсықтарымен соққылайды. Нәтижесіне жастау піл кәрі Мавузоны жерге итеріп жығады. Ол орнынан тұрмақ болғанымен, шамасы келмейді.

Сол кезде табындағы басқа пілдер Мавузоға көмекке келеді. Олар қалжырап, өліп бара жатқан пілді қоршап алып, оны орнынан тұрғызбақ болады. Бірақ піл кәріліктен орнынан тұра алмай, жантәсілім етеді.

Қорық қызметкерлері бірнеше күннен кейін Мавузоны ашық жерге қояды. Табындағы басқа пілдер онымен қоштасу үшін тағы да жанына жиналады. Кейін өлі піл аш арыстандардың тамағына айналады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button