Сойқан қыз үйленуден қашқан жігіттің көлігін өртеді
ТАШКЕНТ. 23 қыркүйек. Ташкентте 19 жастағы бойжеткен өзіне үйленуге уәде беріп, соңынан тайқып кеткен жігітінің жеке көлігін өртеп жіберді. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Қыркүйектің 19-ы күні қалалық ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне астананың 23 жастағы тұрғынына тиесілі «Lacetti Jentra» автокөлігін біреулердің өртеп жібергені жайлы дабыл түсті.
Тексерудің барысында машинасы жанып кеткен жігіттің біршама уақыт Ситора Г. есімді қызбен романтикалық қарым-қатынаста болғаны анықталды. Жігіт оған алдағы уақытта үйленгісі келетінін айтып, уағдасын беріп те қойған екен. Бірақ кейін сөзінде тұрмай, айнып кетіпті.
Бұған қатты ызаланған сойқан қыз ашумен оның үйінің жанында тұрған көлігіне сыртынан да, ішінен де бензин қойып, күкіртті шағып кеп қалған…