АҚШ қару-жараққа байланысты Ресейге ультиматум қойды
ВАШИНГТОН. 21 қыркүйек. АҚШ стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты қысқарту жөніндегі келісімге байланысты Ресейге ультиматум қойды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
«Егер Ресей АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты қысқарту жөніндегі келісімді ұзарту жөніндегі ұсынысын қабылдамайтын болса, Дональд Трамп президен орынтағына қайта сайланып алғаннан кейін «келісімнен шығудың» бағасы арта түседі». Трамптың қару-жарақ жөніндегі арнайы елшісі Маршалл Биллингси «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында осындай ультиматум қойды.
«Егер сол сәтке дейін біз бұл салада алға жылжымайтын болсақ, онда бізде алға тартуға мәжбүр болатын бірнеше жаңа шарт пайда болады. Бірақ әзірге ұсыныс біздің ұсынған қалпымызда қала береді», – дегенді қосты ол.
Биллингсли сонымен бірге АҚШ-ты Ресейдің келісімді жалғастырудан бас тартуы қорқыта қоймайтынын айтты. «Біз өзіміздің ядролық күштерімізде жаңғырту жүргізбекпіз. Ресей негізінен ядролық арсеналын жаңғыртып алуды аяқтады. Біз тек енді бастаймыз. Біз мұны келісімге қарамастан жүргізе береміз», – деді Трамптың елшісі.
Айтылып отырған келісімге 2010 жылы қол қойылған болатын. Оған екі елдің сол кездегі президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обама қол қойды. Келісім 2011 жылы күшіне енді. Оның мерзімі 2021 жылғы ақпанда бітеді.