Белорус оппозициясы Еуроодақтан 4 млрд доллар алғысы келеді
МИНСК. 15 қыркүйек. Белорус оппозициясы елдегі билік ауысқан жағдайда Еуроодақтан қаржылай көмек ретінде төрт миллиард доллар көлемінде алуға болатынын айтады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Беларусь оппозициясы үйлестіру кеңесінің мүшесі Павел Латушко бүгін өткен видеоконференция барысында осылай деп мәлімдеді.
«Біз іс жүзінде одан [Еуроодақтан] Беларусьті демократияландыруды қолдау жөніндегі іс-қимыл жоспарын күтеміз. Мұны демократиялық Беларусьті құру жолына түсетін тарихи сәтіміз тұрғысынан айтып тұрмын», – деді Латушко.
Оппозиция мұның шаралар пакеті болғанын қалайды. «Бізге керегі шығыстағы ел ұсынған 1,5 миллиард доллар емес, елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін қажетті 3-4 миллиард доллар көлеміндегі қаржылай көмек», – деді Латушко бұдан әрі. Ол мұның «салыстырмалы баға» ғана екенін де атап өтті.
Беларуське қарыздарды, ұзақ мерзімді несие ресурстары реструкциялау және Еуропаның экономикалық реформа жүргізу үшін беретін көмегі керек, деп атап өтті оппозиционер.
14 қыркүйек күні Ресей президенті Владимир Путин Сочиде белорус әріптесі Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде Мәскеудің Минскіге уәде еткен 1,5 млрд доллар көлеміндегі кредитін беретінін айтты. Ақша қарызды жабу мен бұрынғы займдарды қайта қаржыландыруға жұмсалады.
Беларусь президенттігіне бұрынғы кандидат Светлана Тихановская ел атынан сөйлеп отырған Лукашенконың лигитимді емес екенін, сондықтан онымен жасалған келісімнің күші болмайтынын, республика басшылығы ауысқаннан кейін оның кейін қайта қаралатынын мәлімдеді.