Басты баған

Лукашенконы Ресейдің ақшасы құтқара алмайды

Онда ол Мәскеуге несіне бара жатыр?

Міне, осы сұрақты қазір күллі әлемнің саясаттанушылары өздеріне өздері қойып отыр. Ал ертең Беларусь басшысы Александр Лукашенко Ресейге, өзінің айтуынша, «досы» Владимир Путин құзырына келеді. Бірақ оның Кремльдің қожайынына қаншалықты «дос» екенін бүгінде бүкіл жүдә әлем жақсы біледі.

Әлбетте, Лукашенко Путинмен ешқашан дос болған емес. Ол тек Ресей президентін өзінің жеке мүддесі үшін пайдаланумен келді. Сәл салқын қабақ көрсе немесе өзі бірдеңе алғысы келсе, батысқа қарай бұрылып кететінін айтып, қорқытумен болды.

Ал қазір Лукашенко үшін өмірлік мәні бар ең маңызды мәселе Ресейге ертеңгі сапары болғалы тұр. Екі ел лидердерінің бұл жолғы кездесулері Сочиде (Адлерде) өтетін түрі бар.

Беларусь президентінің лигитимдігін Еуроодақ бірден мойындаған жоқ. Бұдан бөлек, Польша, Латвия, Литва, Чехия, Эстония елдері тағы мойындамайтындарын жариялады. Ал жақында ресми Вашингтон да Лукашенконың заңды сайланғанын мойындамайтынын мәлімдеді. Сол қатарда Киев те осындай көзқарас білдірді. Дәл қазір оның лигитимдігін мойындаған Ресейден басқа бірде-бір ел жоқ. Бұл жағдайда ол қалау инаугурация өткізеді? Шамасы Лукашенко Путинмен алдағы кездесуінде мәселенің бұл жағын да талқылап алатын сияқты.

Иә, Беларусьтің мүттәсіл лидері үшін Мәскеуге жасалатын сапары бәрінен қымбат болып тұрғанын бақылаушылар айтып жатыр. Бір жағынан – Ресейдің штрейкбрейхерлері Беларусь телерадио компаниясынан кетіп қалған әріптестерінің орындарына келуде. Шығыстағы көрші тіпті бұл елге қаралы күн туа қалса, іске қосатын күштік құрылымдарын да дайындап қойды. Бірақ тек сырттың күштері іске араласқан жағдайда ғана Лукашенкоға көмекке келе алады. Сондықтан басқалай жағдайда Минск тек өз күшіне ғана иек артуы тиіс. Демек, әзірше бәрін өздерің шеше беріңдер…

Сонымен, Александр Лукашенко енді Ресейден ақшадан басқа не алып қайта алады?

Беларусьтің «Белсат» телеарнасы осы мәселені бірнеше саясаттанушымен бірге талқылап көрді.

Осы ретте саясаттанушы Ольга Харламова былай деп түсіндіреді:

«Ресейдің бар мақсаты – бәрін Лукашенконың лигитимділігі барынша аз болатындай етіп жасау. Оның лигитимділігі төмен болған сайын, Ресей одан өзіне керектіні барынша көбірек суырып алады. Жалпылай алғанда, басқа тараптар да тап осындай пиғылмен отыр». 

Әзірге Ресей насихатшылары «Белтелерадиокомпаниядағы» ашық-тесіктерді жауып отыр. Бірақ олар белорус оппозициясына титтей де бір бүйрек бұрушылық байқатып отырған жоқ. Сондықтан елдегі ахуалға байланысты сұрақтарды да тек Лукашенконың маңайындағы сарапшыларға қойып, өздерін қанағаттандыратын жауаптар ғана алуда. Олар Соловьевтің насихаттық шоуындағы фрагменттердегідей: «Әлдеқандай бір адамдар пайда бола кетті, олар жүгіріп жүріп, кафелердің витриналарын сындырды, адамдарды ұстап алып, ұрып-соқты. Бұлар өзі кімдер еді?» деуден арыға бара қоймады.

Ал әңгіме ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бас басқарманың басшысы Николай Карпенковтың командасын құрайтын адамдар туралы болып отыр. Ресейде тұратындардың өзі Лукашенконың қарсылық қозғалысына лайықты жауап қайтара алмай отырғанын көріп-біліп отыр.

Мәскеу жоғары экономика мектебінің қызметкері Андрей Суздальцев былай дейді:

«Соңғы жексенбіде Минскіде көшеге 220 000 адам шығады. Бұған енді облыстар орталықтарын қосыңыз, сонда жарты миллион болып кетеді. Елдің әлеуеті – тоғыз жарым миллион. Осы халық ұдайы көшеге шығып жатыр. Сонда бізге Лукашенко қандай жүкпен келеді, арқасына қарсылық қозғалысын таңып алып па? 2013 жылғы желтоқсанда «Менде Майдан болып жатыр, ақша беріңдерші» деп келген Янукович сияқты».

Белорус мамандары Лукашенконың да Путинге тап осы мақсатпен бара жатқанына келісіп отыр.

Осыған байланысты саяси шолушы Александр Класковский былай дейді:

«Бұл жағдай, әлбетте, Кремль үшін қолайды, бірақ екінші жағынан – Лукашенко болса, Батыста, ең маңыздысы, елінің халқы алдында өзінің лигитимділігін жоғалтып алды. Сондықтан Кремль үшін мұның тәуекелі көп, өйткені, әлдеқандай бір келісімге қол қойысса, ертең билік ауысып кетіп, мұның бәрі бірден заңдық жағынан түкке тұрғысыз болып шыға келуі мүмкін».    

 Сонда Лукашенко бұл келіссөздерде неге сүйеніп, неге үміт арта алады? Ал Путинге осыншалықты әлсіз, үміті аз әріптесімен әңгімелесудің қаншалықты маңызы бар? Ресейді бұл елдің ең бірінші кезекте экономикалық жағынан шегініске барып, мұнай тасымалдауды оңтайластырғаны керек.

Ольга Харламова:

«Газ бен бұл мәселені Ресей Беларусьтің мойнына іліп қоюды жоспарластырып отыр. Жағдайға қарағанда, Лукашенко жоқ дегенде бұл қарыздың өтемақысын төлейтін сияқты, Ресей мұның қазан айына дейін орындалғанын қалайды».

Әрине, белорус жүктерін литван порттарынан алып, ресейлік порттарға ауыстыру деген логистикалық мәселенің кейінге қалдырылып келе жатқаны бір биыл емес еді. Бірақ енді еуропалықтар бұл үшін санкцияның астында қалдыратын түрі бар. Бұл теориялық мырзалыққа Кремль қалай жауап бере алады?

Андрей Суздальцев:

«Немен көмектесе алады? Ақша оны құтқарып қала алмайды. Оның өзі интеграция туралы әңгіме айтады да, өзі билікті сақтап қалғысы келеді! Сонда қайтіп көмектеседі? Күштік құрылымдарды жібере ме? Бұл әлемдік жанжалға айналып кетеді! Енді… ең бастысы – Ресей жағдайды түсініп отыр… ал Лукашенко әлденеге қол қоятын шығар, бірақ ол мұның бірде-бірін орындай алмайды ғой!»

Қалай орындай алмайды – біздің көрші елдегі саясаткерлеріміз бұған келіспейді – олар конституцияда өзгеріс болатынын алға тартқылары келеді. Минск осы тұста дағдарыстан шығу жөніндегі жоспарын ОБСЕ мен Мәскеуге көрсетіп алды, бірақ белорустарға таныстыруды мүлдем ұмытып кеттті. Егер қысқартып айтсақ, контитуциялық реформа 2022 жылға дейін жасалып, президенттің өкілдігі шектеледі, тек содан кейін ғана жаңа сайлау болмақшы. Ал Ольга Харламованың айтуынша, мұның бәрі қазақ вариантына қатты ұқсайды…

Ольга Харламова:

«Әлдеқандай бір бақылаушы кеңес құрылмақшы, оны барлық белорустардың атасы басқармақ, мұның кім екенін айтпаса да белгілі. Өкілдіктің көбі парламентке беріледі. Сосын билікті аймақтарға өткізуге арналған әкімгершілік реформа жүзеге асырылады».

Алайда, бүгінде жергілікті биліктің өзінің лигитимдігі олардың өздерін тағайындайтын тұлғаныкі сияқты деңгейге түсіп кеткен. Ал Лукашенко қазір бірінші кезекте қарсылық қозғалысының лидерлері – Конституциялық кеңестің мүшелерінен құтылуға барын салып жатыр. Оған ешқандай да реформа не диалог керек емес.

Александр Класковский:

«Бұлар имитациялық дөңгелек үстел жасайды, сонда Лукашенкоға керекті конституция жобасын алға тартады, ал сосын оның жаңа сайлау өткізу жөніндегі уәдесі ұмыт болады. Бәлки, керісінше, 1996 жылғы сияқты өзінің мерзімін нөлге айналдырып алатын шығар».

Бірақ мұның бәрі – алыс болашақтың тірліктері. Ал ертең өтетін Мәскеу сапары жұртты қанағаттандыра қоймайды.

Андрей Суздальцев:

«Енді қиялға салып көрейік: Лукашенко Минскіге 31-ші картамен оралады дейік. Неге екені белгісіз, маған Беларусь азаматтары үшін оншалықты жақсы тимейтін осы мәселе негізгі жаңалық болатын сияқты. Ал егер ол елге бұл картамен оралмайтын болса, Лукашенконың Мәскеуге не керегі бар?Егер осылай ештеңесіз қайтса, оның сүйіктілері – күштік құрылымдар бұған қалай қарайды?»

Өз кезегінде Лукашенконың оппоненттері, бірінші кезекте Светлана Тихановская мен Павел Латушко саясаттың субъектілері ретінде Еуропа саясаткерлерімен белсенді түрде кездесіп жүр. Мәскеу әзірге олармен әңгімелесуді қаламай отыр. Бірақ Лукашенко ертең Кремльдің сынағын тапсыра алмай қалатын болса, премьер-министр Михаил Мишустин көп ұзатпай сол Тихановскаямен кездеспесіне кім кепіл?

Всеволод Шлыков/ИР, belsat.eu

 

Түсіндірме-сөздік

Лигитимділік (лат. legitimus — заңға сәйкес, заңды, құқылы) – халықтың (азаматтардың, адамдардың және сол сияқтылардың) биліктің өзі үшін міндетті шешімдер қабылдауына келісім беруі.

Беларусьтің 31-ші жол картасы – бұл Мәскеу ұсынып отырған екі елдің ұлттық органдарынан жоғары тұратын 12 құрылым құру жоспары. Бұған екі елдің ортақ біртұтас эмиссиялық орталығы кіреді, ол ортақ валюта жасауды, одақтық мемлекеттің меншігін есептеудің, салықтың және монополияға қарсы жүйенің біртұтас органын құруды қарастырады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button