Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ әскери басшысы Ресеймен соғысқа дайындалуға шақырды

ВАШИНГТОН. 12 қыркүйек. АҚШ-тың Әуе-қорғаныс күштері штабының жаңа бастығы генерал Чарльз Браун екінші дүниежүзілік соғысқа пара-пар келетін жаңа шайқасқа дайындалуға шақырды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Әуе-қорғаныс күштері штабының бастығы Құрама Штаттардың Ресеймен және Қытаймен соғыса қалған жағдайдағы шығындары мен тәуекелінің шамасын айтты. Ол мұндағы қырғынның екінші дүниежүзілік соғысқа пара-пар келетінін әңгімеледі.

Генерал мұның бәрін өзінің жұма күні кешке жасаған «Өзгерісті жеделдету немесе жеңілу» деп аталатын баяндамасында келтірді.

«Әуе-қорғаныс күштері болашақта Ресеймен және Қытаймен болатын соғыста жеңіске жету үшін дұшпандардың әрекетіне қарсылық көрсете алмайтын ескірген жабдықтар мен бағдарламалардан құтылуы тиіс», – делінген мәтінде.

Оның пікірінше, бюджеттегі қиындықтар бас тартуға болмайтын күрделі құрылымдық шешімдер қабылдауға мәжбүр етеді. Бұған дейінгі қадамдар, деді Браун, келешекте Мәскеу мен Бейжіңге қарсы қозғалыста жылдам өзгеріп тұратын элементтерге жауап қайтара алмайды.

Әлеуеті шамалас елмен ықтимал соғыс, дейді генерал, соңғы екі онжылдықтағы жанжалдарға ұқсамайды. «Болашақтағы соғыс біздің шекарамыздан қашықта өтпейді. Әуе-қорғаныс күштері Екінші дүниежүзілік соғысқа мейлінше пара-пар болатын шығындар мен тәуекелге дайын болуы тиіс», делінген баяндамада бұдан әрі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button