Лукашенко ереуілшілер орнына шахтерлер әкелем деп қорқытты
МИНСК. 22 тамыз. Беларусь президенті Александр Лукашенко «Беларуськалий» зауытының «Дзержинский» агрокомбинаты жұмысшыларымен кездесуде ереуілге шыққандар орнына келетін адамдар табылатынын айтты. Бұл туралы tut.bu хабарлады.
Александр Лукашенко комбинат жұмысшыларына тілек білдіргендердің ереуілдете беруіне болатынын, бірақ олардың орнына әкеле қоятын талапкерлердің жетіп-артылатынын, соның ішінде көрші елдерден келгісі келетіндердің көп екенін жеткізді.
«Сіздер ереуілдетесіздер ме? Жақсы, ереуілге шығыңыздар. Мен директорға олардың артынан жүгіріп қажеті жоқ деген бұйрық беремін. Бізде Солигорскіде «Беларуськалийде» жұмыс істегісі келетін 2 мың адам бар. Олар келеді. Олар келмесе – бүкіл әлемде жұмыссыздық жетеді. Украинадан шахтерлер келеді. Оларда жұмыссыздық – пішен, – деп мәлімдеді Лукашенко.
Бұл мәлімдемеге Украина еркін кәсіподақтар және шахтерлер кәсіподақтары конфедерациясының басшысы Михаил Волынец іле жауап қайтарды. Ол украин шахтерлері арасында жұмыссыздық жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, темір кендерін, маргенецті, түсті металлдарды өндіретін шахталарда мамандар жетіспейді.
«Шахтерлер – әлемдегі ең ынтымақтастықты қауымның бірі. Олардың арасынан ешкім де Беларуське барып, штрейкбехерлердің қызметін атқармайды», – дегенді қосты бұған Волынец.
Ол сондай-ақ Солигорск кеншілеріне төзімділік танытып, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге қол жеткізуге тілектестік білдірді.
«Біз Украинада талай рет қиын жағдайда қалдық, бірақ ереуілге, митингілерге еркін шығу құқығына қол жеткіздік, бізде еркін сайлау қалыптасты. Сіздерге де өз құқықтарыңыз бен еріктеріңізді сақтауға жетуді тілейміз», – деді ол.