Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Белорустар 13 шақырымдық «Өкініш шынжырын» құрды (фото)

МИНСК. 22 тамыз. Беларусьте 6 мыңға жуық адам 13 шақырымға созылатын «Өкініш шынжырын» құрып, қатарласа тұрды. Бұл туралы tut.bu хабарлады.

Кеше кешке тізілген шеңбер сталиндік репрессия құрбандары жерленген маң – Куропаты шатқалынан Минскідегі тәртіп бұзушыларды оқшауландырушы орталық, шерушілерді әкеліп қамаған абақты – Окрестинаға дейін созылды.

Акцияға қатысушылардың қолдарында күштік құрылымдар тарапынан жасалып жатқан зорлық-зомбылық пен қысымды айыптайтын плакаттар бар. Ақ-қызыл-ақ түсті жалаушалар да көп. Олардың жандарынан өтіп бара жатқан көліктер сигнал беріп, өз ынтымақтастықтарын білдіруде.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button