Зауыт ұжымы Лукашенконы «Кет!» деп қарсы алды (видео)
МИНСК. 17 тамыз. Бүгін, дүйсенбі күні таңертең Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск дөңгелекті тягачтар зауытына жұмысшылар алдында сөйлеу үшін келді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Хабарланғандай, мемлекет басшысы зауытқа тікұшақпен келген. Оны жұмысшылар бір ауыздан «Кет!» деп айқайлап қарсы алды.
Сахнаға шығып сөз сөйлеген Лукашенко елде қайтарма сайлаудың өтпейтінін мәлімдеді.
– Сіздер сайлаудың әділ өтпегенін айтып, оның әділ өткізгілеріңіз келіп жүр ме?
– Иә!
– Сұраққа жауап берейін. Біз сайлау өткіздік. Енді мені өлтіріп тастамасаңыздар, басқа сайлау өткізілмейді. Мені қысымға алып, бұған қол жеткіземіз деп ойламаңыздар. Себебі, онда МЗКТ да, МАЗда, БелАЗ да (зауыттардың аты – ред.) болмайды, жарты жылда біз оларды жоқ қыламыз.
Лукашенко сосын қазір биліктің өкілеттілігін бөлісу атап көрсетілетін Конституцияны өзгертудің жолдары қарастырылып жатқанын әңгімеледі.
Осы кезде жиналған жұмысшылар Лукашенкоға «Кет!» айқайлап, ысқыруға көшіп кетті. Бұған президент былай деп жауап берді: «Бұл сұраққа да жауап берейін – бұдан да қатты айқайлай беріңдер».
Лукашенко цехты аралау барысында жұмысшылармен сөйлескен.
Ондағылар зауыттың тұтастай алғанда жұмыс істеп тұрғанын айтқан.
– Мен білемін, бірқатар адамдар көшеде сенделіп жүр. Бір кәсіпорындағы 150, тіпті 200 адам ешқандай ауа райын жасай алмайды. Бұл – біріншіден. Екіншіден, ұғыңыздар, «жаман» президент жұрт көшеде қалмауы үшін адамдарды артығырақ алды. Осыдан түйін шығару керек. Жұмыс істегісі келген адам істей берсін. Кім істегісі келмейді, оларды да мәжбүрлемейміз, – деді Лукашенко.
Ол осыдан кейін қайтадан тікұшаққа мініп, кетіп қалған.