Ұлыбритания Беларусь сайлауы нәтижесін мойындамады
ЛОНДОН. 17 тамыз. Ұлыбритания үкіметі Беларусьте 9 тамыз күні өткен президент сайлауының қорытындысын мойындаудан бас тартты. Бұл туралы «Дождь» телеарнасы хабарлады.
«Бүкіл әлем белорус билігінің жалған президент сайлауына бейбіт түрде қарсылық білдірушілерді басу үшін қандай әрекеттерге барғанын жағаларын ұстап отырып көрді. Ұлыбритания бұл сайлаудың нәтижелерін мойындамайды», – деді елдің сыртқы істер министрі Доминик Рааб.
Ол енді ОБСЕ арқылы «сайлаудың әділетсіз өтуінің олқылықтары» мен «сұмдық қуғын-сүргін» деректерін тәуелсіз түрде тексеруден өткізу қажет деп есептейді. «Ұлыбритания белорус билігін жауапқа тартып, кінәлілерді жазалау үшін халықаралық әріптестерімен бірге жұмыс жасайтын болады», деді ол.
Бұдан бұрын Еуроодақ Беларусьтегі президент сайлауының қорытындысын мойындамаған еді. Мұның соңы елдің президенті Александр Лукашенкоға қарсы санкция қабылдауға апаруы тиіс.
Бұдан басқа, Польша, Чехия, Эстония және Латвия елдері де сайлау қорытындысын мойындаудан бас тартқан болатын.