ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Минскіде телекомпания мен зауыттар ереуіл жариялады

МИНСК. 17 тамыз. Беларусьте ереуілдер жалғасып жатыр – бүгін БелАЗ, Минск трактор зауыты және «Беларуськалий» кәсіпорнының жұмысшылары қарсылық қозғалысына қосылды. Бұл туралы «Дождь» телеарнасы хабарлады.

Дүйсенбі күні теңертең «Белтелерадиокомпания» қызметкерлері де ереуіл жариялады. Осыған байланысты «Беларусь 1» арнасы тікелей эфир орнына бұрынғы жазбаларын ұсынып жатыр.

«Беларуськалий» зауытының қызметкерлері ереуілді ресми түрде жариялады. Бұл үшін алдымен стачком құрылып, зауыт директоры алдына қойылатын талаптар дайындалды.

Минск трактор зауытының жұмысшылары қарсылық ретінде таңертең үш сағатқа кәсіпорын территориясынан сыртқа шықты. Бұдан артық уақытқа «жұмыста болмады» деген белгі соғылады. «Қазір біздің 200 қызметкеріміз цехтарды аралап, елде не болып жатқанын түсіндіріп жүр. әйтпесе көп адамның оқиғадан хабары жоқ», – деді бір жұмысшы. Кейін олар тәуліктік ереуіл жариялап, зауыт территориясынан кетіп қалды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button