Тараздағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіров есімі беріледі
ТАРАЗ. 14 тараз. Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешеніне белгілі палуан, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
«Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды», – делінген хабарламада.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің сөзінде Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты.
Қайта атау жөніндегі ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда ҚЖамбыл облысының Свердлов ауданындағы (қазір – Байзақ ауданы) «Чапаев» (Тегістік») совхозында туған.