Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Бүгін Беларусьте қарсылық акциясы қайта жалғасты
МИНСК. 14 тамыз. Бүгін Беларусь елінде таңертеңнен қарсылық қозғалысы қайты жалғасып, қатарынан алтыншы күнге ұласты. Бұл туралы Tut.by хабарлады.
Ел астанасында жұрт таң азаннан көшелер бойларында «ынтымақтастық шынжырын» жасап тұра бастады, қаладағы бірнеше кәсіпорынның жұмысшылары ереуілге шықты.
Минскінің әртүрлі аудандарында қарсылық қозғалысына дәрігерлер де қосылды. Қаладағы 10-шы емхананың қызметкерлері сағат 8-де зорлық-зомбылықтың тоқтатылуын талап етіп ұрандатып, сапқа тұрды.
Минск филармониясының алдында екінші күн ірі қарсылық акциясы өтіп жатыр. Мұның алдында музыканттар «Менің даусым ұрланды» деген ұранмен шеруді бастады.
Ереуілге Жодино, Гродно, Солигорск қалаларындағы зауыттар жұмысшылар да қосылды.