Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Беларусьте шерудің үшінші күні забастовка жарияланды

МИНСК. 11 тамыз. Беларусьте бүгінгі үшінші күн орын алған қарсылық қозғалысының соңы забастовкаға ұласты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Минскіде шеруге шығушылардың ОМОН-мен көше қақтығысы әлі жалғасып жатыр.

Сонымен бірге бүгін елде оппозициялық күштердің сайлаудағы дауысты ұрлауға қарсылық ретінде жариялаған забастовкасы басталды.

Қазіргі таңда В.И. Козлов атындағы Минск электр техникасы зауыты жұмысшыларының бір бөлігі белгісіз мерзімге дейін ереуіл жариялады.

Осы күні Минскіде милиция капитаны Егор Емельянов перзидент сайлауының қорытындысына байланысты шеруге шығушылардың жаппай қамауға алынып жатуына наразылық ретінде отставкаға арыз берді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button