Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Ресей әлемде бірінші болып ковид вакцинасын шығарды

МӘСКЕУ. 11 тамыз. Ресейде әлемде бірінші болып коронавирусқа қарсы «Спутник V» атты вакцинасын тіркеп, шығара бастады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Жаңа препараттың аты Кеңес Одағы 1957 жылы 4 қазанда планетада тұңғыш рет ұшырған жер серігінің атауымен аталды.

Жаңалық бүгін «Россия 24» телеарнасында Ресей президенті Владимир Путиннің министрлер кабинеті отырысы кезінде айтуы бойынша белгілі болды. Ол әлемде барлық қажетті тексерулерден өткен коронавирус пневмониясына қарсы бірінші екпенің Ресейде тіркелгенін, оның тұрақты иммунитетті қалыптастыратыны дәлелденгенін мәлімдеді.

Путин өз сөзінде сынақтан өткендер арасында өзінің бір қызы болғанын да айтты. Ол бірінші ине шаншудан кейін қызының қызуы 38 градусқа дейін барғанын, содан кейін төмендеп, қалыпқа келгенін баяндады. «Қазір ол өзін жақсы сезінеді», – деді президент.

Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко «Спутник V» вакцинасын ектіруге ерікті COVID-19 індетінің қайта бастағанын, ешқандай күрделі жағдайдың болмағанын атап өтті. Ол жақын арада препараттың жаппай көлемде шығарыла бастайтынын айтты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button