Түркия истребительдері Ереванға соққы беруге дайын тұр
МӘСКЕУ. 3 тамыз. Түркияның F-16 истребительдері Армения астанасына әуеден соққы бере алатындай қашыққа келіп орналасты. Бұл туралы avia.pro порталы хабарлады
Түріктің кемінде екі соғыс ұшағы Армения шекарасына барынша жақын жерге келіп қоныс жайлады. Олардың Ереваннан жалпы қашықтығы 56 шақырымды құрайды. Порталдың ақпарынша, олар армян астанасына әуеден осылай соққы бере алар еді. Бұл маневр оларға өті тиімді болып көрінеді.
Осыдан кейін Армения шекарасына жақын маңда Әзербайжан мен Түркия әуе-қорғаныс күштерінің тікұшақтары ұшып жүргені байқалып қалды.
Бұдан алдын, 28 шілдеде Түркияның әскери қызметкерлері Армениямен шекарада өтетін бірлескен жаттығуға қатысу үшін Әзербайжанға келген болатын. Ал 29 шілдеді ату құралдары қолданылатын кең ауқымды тактикалық және ұшу-тактикалық іс-әрекеттері басталды. Ол екі мемлекеттің екі жақты келісімі бойынша 10 тамызға дейін созылады. Жаттығуда Әзербайжан мен Түркияның бронотехникалары, артиллериялық қондырғылары, соғыс және көлік тікұшақтары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері және зенит-ракета бөлімшелері іске қосылады.