Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Кірпіні жолдан өткізген қарға қаһарман атанды (видео)

РИГА. 2 тамыз. Үлкен жолдың бойында кірпіні келесі бетке өткізуге көмектескен қарға әлеуметтік желінің нағыз қаһарманына айналды. Бұл туралы «Ридус» сайты хабарлады.

Латвияның Огре қаласында тұратын автомобиль жүрізуші жолда келе жатып, адамды сұмдық таң қалдыратын тебіреністі оқиғаның куәсі болды. Ол мамыр айының соңында бір кірпі баласының жолдан абайлап өтіп бара жатқанын байқап қалады. Кенет оған әлдеқандай ұшып келген қарға көмектесе бастайды. Қанатты қамқоршы жолдың ортасында тұрып қалған кірпіні тұмсығымен итеріп, арғы бетке алып шығуға әрекет жасайды. Осылайша бірнеше рет жәндікті итермелеп отырып, оның жолдың келесі бетіне шығуына жәрдем береді.

Ал жүргізуші қарап отырмай, жүріп келе жатып, осы көріністі түгел видеоға түсіріп алады.

Сосын ол осы бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялайды.

Оны көрген комментаторлар қарғаны мақтаудан жалықпайды.

Олар «Керемет! Қандай ақылды құс», «Өткен өмірінде бұл қарға пионер болып, әжейлерді осылай жолдан өткізіп жүрген шығар», «Адамдар да осылай бір-біріне қамқор болсайшы» деген сияқты жазбалар қалдырған екен.

Бұдан алдын «Ридус» Ресейдің Воронеж қаласында орын алған осындай таң қаларлық көріністің видеосын жариялаған еді. Онда жүргізуші жолдағы ақ жолақ бойымен арғы бетке өтіп бара жатқан кірпіні көріп, тоқтап, камераға түсіріп алады. Сосын машинадан шығып, кірпінің жолдың арғы бетіне өтіп кетуіне көмектеседі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button