Актер Михаил Ефремов саяси мәлімдеме жасады
МӘСКЕУ. 29 маусым. Бұдан бірнеше күн бұрын жол-көлік оқиғасын жасап, адам өліміне себепші болған актер Михаил Ефремов өзінің адвокаты арқылы көпшілікке үндеу тастады. Бұл туралы «Московский комсомолец» газеті хабарлады.
Әртістің адвокаты Эльман Пашаев 26 маусым күні Ефремовтің мәлімдеме жасап, оны таратуды өтінгенін айтты. Мұнда ол өзінің «Гражданин поэт» арнасында сөйлеген сөздерінің мәнін ашып, өз саяяси көзқарасын білдіреді, мас күйде жол-көлік оқиғасын жасауының бірқатар болжамдарын алға тартады.
Пашаевтың айтуынша, оған бір топ украин журналистері келіп, Ефремовтің ісін «саяси» мәселе деп бағалағылары келетінін жеткізген. Қорғаушы әртістің осыған байланысты айтқан сөздері мен пікірлерін баяндады.
«Михаил бұл істе ешқандай да саяси астардың жоқ екенін айтып жауап қайтарды. Сол күні кешке одан мас күйде рульде отыруды Путин де, басқа біреу де өтінген жоқ», – деді Пашаев.
Ол істің ақ-қарасын тек сот қана анықтайтынын мәлімдеді. Бұдан әрі Ефремовтің іс жөнінде не дегенін жеткізді.
Адвокаттың дәйектеме келтіргеніндей, «Мен қайдамын, саясат қайда? Менің оппозицияға ешқандай қатысым жоқ, саясатқа ешқандай қатысым жоқ. Путиннің жеке басына қоятын да кінәм жоқ», – деген екен Ефремов.
Актер сондай-ақ президенттің мәдениетті дамытуға зор үлес қосып келе жатқанын айта келіп, өнер адамдарын «асырап» отырған адамға өзінің неге нашар қарауы керек екенін түсінбейтінін білдірген.
«Гражданин поэт» жобасына келсек, Ефремов бар болғаны – актер ғана. «Мен оппозиционер емес, әртіспін, сайқымазақпын. Бұл – менің жұмысым», – депті Ефремов.
Заңгер актердің өлең оқығаны үшін ақы алғанын, бірақ бұл үшін өзінің әлдекімдердің қолындағы «қолшоқпар» болғаны туралы ойламағанын айтқанын алға салды.
Ефремовтің айтуынша, кезінде мұндай өлеңдердің басқа саясаткерлер туралы да жазылғанын еске салды.