Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Польшадағы президент сайлауы екінші турға өтті
ВАРШАВА. 29 маусым. Польшада 28 маусым күні өткен президент сайлауының түпкі нәтижесі екінші турда шешілетін болды. Бұл туралы RT хабарлады.
Польшаның іс басындағы президенті Анджей Дуда мен оппозициядан түскен кандидат Рафал Тшасковски президент сайлауының екінші турында таласқа түсетін болып отыр.
Сайлауға барлығы 11 үміткер қатысты.
Экзитполдың алдын-ала мәліметтеріне қарағанда, бірінші турда Дуда сайлаушылардың – 41,8, ал Тшасковски 30,4 пайыз дауыстарын жинаған.
Екінші тур 12 шілдеде өтеді.