24 Қараша, 09:11
RAST.kz
USD USD 455.12 ₸
EUR EUR 498.99 ₸
RUB RUB 5.55 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды

29 Маусым 2020 14:23
- Жаңалықтар, Руханият
Журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 29 маусым. Бүгін таңертең белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Туыстарының айтуынша, 59 жастағы журналист өкпесі қабынып, өткен аптаның басында Астанадағы №1 қалалық ауруханаға жатқан. Содан бері жағдайы жақсарып, жазылуға жақын қалған.

Журналистің өзі таңғы 6:00 шамасында Facebook парақшасында қаладағы №1 аурухананың коронавирус жұқтырғандар палатасында емделіп жатқанын, түнде екі медицина қызметкері келіп, белгісіз бір қағазға қол қойғызып, дәрі бергенін жазып, содан күдіктеніп отырғанын жазды.

«Кешеден бері дəрігерлер COVID-19 ауруына тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім, сағат 2:00-де дəрігер мен мейіргер келіп, қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін мейіргер келіп, аузыма бір ақ дəрі салды да, су ішкізді. Менен басқасына бермеген. «Не зат?» десем, «вирустан сақтайды» дейді. Қастандық деп күмəнданамын. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əреккеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді», – деп жазды Шамахайұлы Facebook-те.

Марқұмның ұлы Беріктің айтуынша, журналист ауруханаға 23 маусым күні жатқан.

«Палатада жатты, жасанды желдету аппаратына қосылған жоқ. Кеше жағдайым жақсы, температура жоқ, тәбетім ашылды деп өзі айтты», – деді ол.

Туыстары оңалып келе жатқан Қуандық Шамахайұлының кенет қайтыс болғанына күмәнмен қарап отыр. Ал Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме дайындап жатқанын хабарлады.

Қуандық Шамахайұлы – Қазақстанның мәдениет қайраткері әрі филология ғылымының кандидаты. Ол 1961 жылы Моңғолияда туған. Сол елдің мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, көркем аудармамен айналысқан. Журналист билікке қатысты сыни көзқарастарын ашық білдірумен танымал.

Таңбалар: қуандық шамахайұлы

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.12 ₸
EUR EUR 498.99 ₸
RUB RUB 5.55 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist