26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Польшаның жаңа президенті Навроцки Украинаға қатысты ойын айтты

4 Маусым 2025 18:30
- Әлеумет, Жаңалықтар
Польшаның жаңа президенті Навроцки Украинаға қатысты ойын айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ВАРШАВА. 4 маусым. Польша Республикасының президенті сайлауында жеңіске жеткен Карол Тадеуш Навроцки жоғары мемлекеттік қызметке сайланғасын Украинаға қатысты алғашқы мәлімдемесін жасады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол екі ел арасындағы серіктестікке қатысты жылы лебізін білдірді және Кремльдің Украинаға қарсы агрессиясын айыптады, бірақ сонымен бірге жұрт еріксіз ойланып қалатындай сөз де тастады.

Айтуына қарағанда, Навроцки Польшаның Украинамен тығыз серіктестігінің жалғасатынына үміт білдіреді. Бұған қоса, ол өз елінің Ресей агрессиясына қарсы тұруда Украинаның адал одақтасы бола беретінін атап өтті.

«Бірде-бір ел бұл қатердің қвупін біз сияқты терең сезіне алмайды», – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Навроцкидің жазбасында екі ел арасында «тарихи мәселелер» бар екені жайлы да айтылып қалды. Бұл елеулі елеңдеушілік туғызды.. «Мен елдеріміз арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген серіктестіктің жалғасуын асыға күтемін. Бұл тек жақсы диалог қана емес, өзекті тарихи мәселелерді шешуді де қажет етеді деп есептеймін», – деді Польша мемлекетінің жаңа басшысы.

Қорытындылай келе, Навроцки екі жақты қарым-қатынастарды нығайту үшін алдағы уақытта бірлескен жұмысты күтетінін айтты.

«Біз өзіміздің ортақ игіліктеріміз үшін бұған дейін шешілмей келген тарихи мәселелерді де шешіп алып, жұмыс істейтінімізге сенемін», – дегенді қосты ол.

Еске сала кетейік, 1 маусым күні өткен президент сайлауының екінші турында консерватор Карол Тадеуш Навроцки – 50,89 пайыз, ал еуропашыл Рафал Тшасковски 49,11 пайыз дауыс жинаған еді.

Таңбалар: Карол Тадеуш НавроцкиПольшаУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist