Польша мен Литва Ресейге Еуропадан келетін жүктерге тосқауыл қоя бастады
МӘСКЕУ. 3 маусым. Соңғы күндері Польша мен Литва жерлері арқылы Ресейге келе жатқан тауарлар керуендері жолдарының жабылып қалғаны байқалады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей Федерациясындағы италиялық кәсіпкерлер қауымдастығының (GIM Unimpresa) президенті Витторио Торрембини Польша мен Литваның кеденшілерінің Ресейге Италиядан келетін жүктерді шекарада бұғаттай бастағанын айтып шағынды.
«Польша мен Литва тарапынан айқын қысым жасаушылық байқалады. Олардың кеденшілері, мысалы, барлық құжаттары дұрыс және санкцияланбаған тауарлар болса да, Италиядан Ресейге келе жатқан жүктерді бұғаттай салады», – деді Торрембини Кремльдің насихаттық мәтбұғаттарының біір «РИА Новостиге» берген сұхбатында.
Сонымен бірге, оның айтуынша, екі ел де өздері жөнелтетін жүктерді Ресейге жібере береді, бірақ Мәскеуге қатысты тауарларды шектеулерді күшейтуді жақтайды.
«Литваның бүгінде Ресейге шарап экспорттаушылардың біріне айналуы таңқаларлық емес пе? Литвада шарап бар ма өзі?», – деді Торрембини.
Ол болып жатқан жағдайдың озбырлыққа ұқсас екенін айтты.
Мамыр айының басында Литва, Латвия, Эстония, Польша және Финляндия ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларының мониторингін күшейту және біріздендіру туралы бірлескен келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, шектеулерді айналып өтуге әрекет етушілер табылған жағдайда елдер бір-бірлеріне тиісті ақпаратты жіберіп, ахуалды бақылап отырады.